/KASE, 06.03.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2025 жылдың 04 наурызында "FIVE BROKERS'
CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00013548 (FIVEb6; 100 теңге, 300,0 млн теңге;
12 ай; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын баламалы
алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 06 наурызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/FIVEb6/
[2025-03-06]