/KASE, 06.03.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2025 жылдың 04 наурызында "Fincraft Group" ЖШС
(Алматы) KZ2P00013568 (NCOMb6; $100, $20,0 млн; 360 күн; жартыжылдық
купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 06 наурыздан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/NCOMb6/
[2025-03-06]