/KASE, 05.03.25/ – "Банк ЦентрКредит" АҚ (KASE тикері – CCBN)
2025 жылдың 04 сәуірінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) банктің 2024 жылдағы қызметінің нәтижелері туралы есеп;
2) банктің 2024 жылға шоғырландырылған және жекелеген жылдық
қаржылық есептілігін бекіту;
3) банктің 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін анықтау;
4) 2025 жылы банктің және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігіне
аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды анықтау туралы;
5) банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы;
6) Банктің үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың
екінші шығарылымының аңдатпасына өзгертулер және (немесе)
толықтырулар енгізу туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_special_shareholders_meeting_info_040425_14923.pdf
[2025-03-05]