"Fincraft Group" ЖШС KZ2P00013568 (NCOMb6) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

05.03.25 10:36
/KASE, 05.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 04 наурызында "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00013568 ($100, $20,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%, 30/360) облигацияларының негізгі алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигацияларға NCOMb6 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады. [2025-03-05]