/KASE, 04.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы
2025 жылдың 04 наурызында "Аграрлық несие корпорация» АҚ-тың (Астана)
KZ2C00013571 (1 000 юань, 430,0 млн юань; 5 жыл; құбылмалы тоқсандық
купон – 1,44% + үшайлық Shibor мөлшерлемесі; actual/365) облигацияларын
KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына қосу туралы шешім
қабылдады.
Бұл облигациялар KASE ресми тізіміне қытай юані номиналымен қосылған
алғашқы шығарылым болды. Жеке меморандумға сәйкес юань (Рэнминби) –
облигациялардың атаулы құнының, облигациялар бойынша негізгі борыш
және (немесе) сыйақының валютасы.
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылдың 04 наурызынан бастап
күшіне енеді.
Облигацияларға берілген қысқаша белгі (сауда коды) AGKKpp7.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/AGKKpp7/ сілтемесі бойынша интернет-
ресурста жарияланған.
[2025-03-04]