/KASE, 04.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
04 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясының (орналастыру және
қосымша орналастыру бойынша) төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.
уақыты) өткенін хабарлайды.
ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
--------------------------------------------- ------------------------
Сауда-саттық күні: 04.03.24
Өтеуге дейін мерзімі: 2,6 жыл (950 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 20 000,0
Сауда-саттық мәні: "таза баға"
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру нарықтық сұранысқа қарай
дәрежесі,%: 0-ден 100-ге дейін
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–12:00
Кесімдеу күні және уақыты: 04.03.25, 15:00
Төлеу күні: 06.03.25
Қарсылама шектелімді өтінімдерді қарсылама өтінімдердің
қанағатандыру тәсілі: көлеміне пропорционалды
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: бірыңғай кесімдеу бағасы
бойынша
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: орташа сараланған бағасы
бойынша
----------------------------------------------------------------------
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін эмитент
мамандандырылған сауда-саттық шеңберінде KASE сауда-саттық жүйесінде
көрсетілген облигацияларды 10 000,0 млн теңге сомасына орналастыруды
жоспарлады. Қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-
саттық KASE сауда-клирингілік жүйесінде өтінімдерді қабылдау кезеңі
аяқталған кезде белсенді өтінімдердің болмауына байланысты жүзеге
аспады деп танылды.
---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУДАҒЫ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны: 3
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді), 10 / 10
оның ішінде:
– шектелімді: 10 / 10
– нарықтық: 0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге, 27 709,2
оның ішінде:
– шектелімді: 27 709,2
– нарықтық: 0,0
Сұранымға өтінім: 162,5 %
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға, номиналдан % (барлығы / белсенді):
– минималды 82,6266
– максималды 83,7165
– орташа сараланған 82,8758
Берілген өтінімдер бойынша кірістілігі, жылдық % (барлығы / белсенді):
– минималды 14,3000
– максималды 14,9000
– орташа сараланған 14,7617
---------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары
растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне 95,3 %, басқа
институционалдық инвесторлардың үлесіне – 4,7 % тиесілі болды.
ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:
-------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 12 500 000
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге: 10 691 924 166,7
Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 6
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 3
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %: 62,5
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, сұранымнан %: 38,5
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, номиналдан % :
– минималды 82,8972
– максималды 83,7165
– орташа сараланған 83,1521
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі, жылдық %:
– минималды 14,3000
– максималды 14,7500
– орташа сараланған 14,6092
-------------------------------------------------------------------
Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы
көлемнің 87,9 % – банктер, 12,1 % – басқа институционалдық инвесторлар
сатып алды.
Осы орналастыру бойынша есептесулер Т+2 сызбасы бойынша жүзеге
асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ мәмілелер бойынша
міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде
көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа
жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде
таза бағамен белгіленуі тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу
ережелері
http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf сілтемесі бойынша жарияланған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
орналастыру ережелері
http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат ссылке
https://kase.kz/ru/gsecs/show/MUM180_0008/ сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2025-03-04]