/KASE, 04.03.25/ – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KASE
тикері – BTRK) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
3 наурызда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Қытай Халық
Республикасымен белсенді ынтымақтастық шеңберінде алғаш рет
Қытайдың Сауда-өнеркәсіп Банкінен (ICBC) юаньмен банктік қарыз алды.
Бұл стратегиялық қадам Холдингке халықаралық нарықтағы өз ұстанымын
нығайтуға, валюталық тәуекелдерді әртараптандыруға және жаңа
жобаларды дамыту үшін инвестициялық мүмкіндіктерді күшейтуге мүмкіндік
береді. Қытайдың ұлттық валютасында қарыз тарту қытайлық
серіктестермен және өнім берушілермен ынтымақтастық үшін қосымша
перспективалар ашады, сондай-ақ экспорттық және импорттық
операцияларды кеңейтуге ықпал етеді.
"Юаньмен несие алу – Холдинг үшін қаржы құралдарын әртараптандыру
және Қытаймен экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолындағы
маңызды қадам. Біз ICBC банкімен ынтымақтастық еліміздің негізгі
салаларын қаржыландыру және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру
үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз", – деп атап өтті Холдингтің
Басқарма Төрағасы.
дәйексөздің соңы
Баспасөз релизінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_relizs_030325_1.pdf
[2025-03-04]