KASE Директорлар кеңесі Qanat Invest Limited жеке компаниясын "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдады

03.03.25 16:48
/KASE, 03.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 28 ақпанындағы шешімімен Qanat Invest Limited жеке компаниясы "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылданды. Осы санаттар бойынша мүшелік KASE-де айналысқа (сауда-саттыққа) жіберілген бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығын береді. Директорлар кеңесінің осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. [2025-03-03]