04 наурыздан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013451 (MFMOb19) және KZ2P00013469 (MFMOb20) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

03.03.25 14:33
/KASE, 03.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 04 наурызынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС (Алматы) келесі облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды: - KZ2P00013451 (KASE баламалы алаң, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb19; $100, $4,0 млн; 27.02.25 – 27.02.26; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 % ;30/360); - KZ2P00013469 (KASE баламалы алаң, "коммерциялық облигациялар" санаты,, MFMOb20; $100, $4,0 млн; 27.02.25 – 27.02.26; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 %; 30/360). KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2025-03-03]