03 НАУРЫЗДАН БАСТАП KASE-ДЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫ ҚЫТАЙ ЮАНІМЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ҚОЛЖЕТІМДІ

03.03.25 12:51
/KASE, 03.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 03 наурызынан бастап KASE-де есеп айырысулармен қытай юанімен (CNY) мамандандырылған сауда-саттық әдісімен бағалы қағаздарды орналастыруды, бағалы қағаздарға жазылуды және жария ұсынуды өткізу қолжетімді болатынын хабарлайды. Инвесторларды тарту үшін бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға қосымша мүмкіндік беру мақсатында бағалы қағаздарды орналастырудың жаңа тәртіптемелері енгізілді. 2025 жылдың 03 наурызынан бастап KASE ішкі құжаттарына тиісті түзетулер қолданысқа енгізілді: - Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелеріне № 3 өзгертулер мен толықтырулар; - Бағалы қағаздарды жария ұсынуды жүргізу ережелеріне № 2 өзгертулер мен толықтырулар; - Қор нарығындағы сауда-саттық тәртіптемелері және операциялар туралы қағидаға № 1 өзгертулер. Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында жарияланады – https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" бетбелгісі). [2025-03-03]