/KASE, 28.02.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
27 ақпан 2025 жыл
"ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2025 жылғы
25 ақпандағы №14 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге экспорттау үшін "Ақтау" бас мұнай айдау станциясындағы теміржол
цистерналарынан мұнайды ағызу жөніндегі қосымша қызметке тариф
2025 жылғы 1 сәуірден бастап өзгереді. Жаңа тариф 1 тонна үшін
625,36 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
Қолданыстағы тоннасына 375 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшеріндегі тариф
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_270225_kz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_270225_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_270225_en.pdf
[2025-02-28]