/KASE, 27.02.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың
25 ақпанында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00000717 (MUM180_0009)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ мәліметіне сәйкес
2024 жылдың 27 қаңтарында облигацияларды орналастыру бойынша
мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі
22 408 627 841,1 теңгені құрады.
KASE "25 ақпан күні Қазақстан Қаржы министрлігі Қазақстан қор
биржасында 27,4 млн МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009) өтеуге
орташа сараланған кірістілігі жылдық 14,35 %-бен орналастырды"
тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1538086/
[2025-01-27]