/KASE, 27.02.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен
индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен
индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2025 жылдың
01 наурызынан бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу
үшін өкілдік тізімге мынадай облигацияларды қосу туралы шешім
қабылдады:
1) KZ2D00012457 (BIGDb1) BI Development Ltd.;
2) KZ2C00012698 (BTRKb17) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ;
3) KZ2C00012482 (HSBKb22) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ;
4) KZ2C00011757 (JSBNb4) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ
банкі" АҚ;
5) KZ2C00009454 (KFUSb53) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ;
6) KZ2C00011906 (MFOKb21) "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ;
7) KZ2C00011914 (MFOKb22) "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ;
8) KZ2C00004430 (TSBNb33) "First Heartland Jusan Bank" АҚ;
9) KZ2C00004463 (TSBNb36) А"First Heartland Jusan Bank" АҚ.
Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.
Әдістемеге сәйкес KASE үш айда бір рет KASE_BM* сериясының негізгі
алаңның қор нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімді қайта
қарайды: KASE_BMC таза баға индексі және KASE_BMY кірістілік
индикаторы.
2025 жылдың 01 наурызынан бастап KASE_BM* сериясы
индикаторларының өкілдік тізімі 65 атаудағы облигациялардан тұратын
болады.
Көрсетілген тізімді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге
болады
http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
қолжетімді
http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2025-02-27]