27 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3004202225 (EBRDe27) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

26.02.25 16:33
/KASE, 26.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 27 ақпанынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3004202225 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe27; 33,0 млрд теңге; 24.02.25-24.02.27; қалқымалы тоқсандық купон-TONIA күрделі пайыздық мөлшерлемесі + маржа 0,00 %; actual/365) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe27/ [2025-02-26]