27 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009222 (EABRb42) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

26.02.25 16:30
/KASE, 26.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 27 ақпанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009222 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb42; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 25.02.25-25.02.28; жартыжылдық купон, жылдық 16,25%; actual/365) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb42/ [2025-02-26]