/KASE, 26.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына
сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2025 жылдың наурыз
айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы
инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының
және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың
тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2025 жылдың 24 ақпанындағы шешімімен бекітілді және ондағы
бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2025 жылдың 01-31 наурызы аралығында қолданылатын өтімділіктің
бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 69 атаудағы бағалы қағаздар
кіреді. 2025 жылдың ақпанында құрылған өтімділіктің бірінші кластағы
бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге
мыналар кірді:
1) Micron Technology, Inc. жай акциялары US5951121038 ("KASE Global"
секторы, MU_KZ);
2) ALPHABET INC.жай акциялары US02079K1079 ("KASE Global" секторы,
GOOG_KZ);
3) Starbucks Corporation жай акциялары US8552441094 ("KASE Global"
секторы, SBUX_KZ);
4) NIKE, Inc.жай акциялары US6541061031 ("KASE Global" секторы,
NKE_KZ);
5) Newmont Corp.жай акциялары US6516391066 ("KASE Global" секторы,
NEM_KZ);
6) Verizon Communications Inc.жай акциялары US92343V1044 ("KASE
Global" секторы, VZ_KZ);
7) Global X Robotics & Artificial Intelligence ETF бағалы қағаздары
US37954Y7159 ("KASE Global" секторы, BOTZ_KZ).
2025 жылдың ақпан айына құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен
мыналар шықты:
1) Citigroup Inc. жай акциялары US1729674242 (("KASE Global" секторы,
C_KZ);
2) "Баян Сұлу" АҚ жай акциялары KZ1C00000165 (KASE негізгі алаңы,
"стандарт" санаты, BSUL);
3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры"
интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) пайлары
KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"
секторы, CSECfe);
4) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИПҚ пайлары
KZPF00000090 (("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"
секторы, FFINgw).
2025 жылдың наурыз айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарындағы бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_mar.pdf
2025 жылдың ақпан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарындағы бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_feb.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2025-02-26]