26 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab. US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

25.02.25 16:47
/KASE, 25.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 26 ақпанынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2025 жылдың 15 сәуiрiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жасалатын репо операциялары бойынша Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 15 сәуiрiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 17 сәуiрiнен бастап қайта басталады. [2025-02-25]