26 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp.
US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
25.02.25 16:43
/KASE, 25.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
26 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 04 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін
Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 04 наурызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 06 наурызынан
бастап қайта басталады.
[2025-02-25]