21 ақпанда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ KZKD00000373 (MUM012_0160) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

21.02.25 15:29
/KASE, 21.02.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00000373 (MUM012_0160) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 88,2388 % (кірістілік – жылдық 13,90 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 38 998 649 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында өтелгенге дейінгі мерзімі 350 күн МЕУКАМ KZKD00000373 (MUM012_0160) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1537821/ [2025-02-21]