/KASE, 18.02.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) KASE-ге былай
деп мәлімдеді:
дәйексөздің басы
2024 жылғы 30 сәуірде "Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі "Компания")
Компанияның қызметкерлерді көтермелеу бағдарламаларынан туындайтын
міндеттемелерін орындау мақсатында Компанияның жай акцияларын (бұдан
әрі "Акциялар") және Акцияларды білдіретін жаһандық депозитарлық
қолхаттарды (бұдан әрі "ҒДҚ") ("Бағдарлама") кері сатып алу
бағдарламасын бастады.
Бағдарламаның аяқталған бірінші бөлігі шеңберінде Компания жалпы
сомасы 8,2 млн АҚШ долларына 4 638 555 акция (3 263 423 акция және
343 783 ҒДҚ (1 375 132 акцияны білдіретін) сатып алды. Акциялар мен ҒДҚ-
ны қызметкерлерге алғашқы табыстау 2025 жылғы 17 ақпанда өтті.
Инсайдерлер 2025 жылғы 14 наурызға жоспарланған компанияның
2024 жылғы жылдық нәтижелері жарияланғанға дейін жабық кезеңде
болады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__180225_kz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_180225_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__180225_en.pdf
[2025-02-18]