18 ақпаннан Қазапқстан қор биржасында The Select Sector SPDR Trust
US81369Y3080 (XLP_KZ) және US81369Y8865 (XLU_KZ) ETF бағалы
қағаздарының сауда-саттығы тоқтатылады
18.02.25 10:37
/KASE, 18.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
18 ақпанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо
операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 24 наурызына
және одан кейінгі күндерге келетін The Select Sector SPDR Trust (АҚШ)
US81369Y3080 ("KASE Global" секторы, XLP_KZ) және US81369Y8865
("KASE Global" секторы, XLU_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-
саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2025 жылдың 24 наурызында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың
26 наурызынан бастап қайта басталады.
[2025-02-18]