"Беңқала" Тау-кен Компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

14.02.25 16:55
/KASE, 14.02.25/ – "Беңқала" Тау-кен Компаниясы" АҚ (KASE тикері – BENK) 2025 жылдың 14 наурызында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлайды. Жиналыстың күн тәртібі: - қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - қоғамның 2025 жылға арналған бюджетін бекіту туралы; - Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы. Жиналыс туралы ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/BENK/benk_special_shareholders_meeting_info_140325_57.pdf [2025-02-14]