"Teniz Capital Investment Banking" АҚ үш атаудағы жай акциялар бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты
12.02.25 14:47
/KASE, 12.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімі
бойынша 2025 жылдың 12 ақпанынан бастап "Teniz Capital Investment
Banking" АҚ төмендегі жай акциялар бойынша KASE-дегі маркет-мейкер
міндетін атқарудан босатылды:
1) US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) Occidental Petroleum
Corp. (АҚШ);
2) US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) ALPHABET INC.
(АҚШ);
3) KZ0009093241 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTK)
"Қазақтелеком" АҚ (Астана).
Бұл шешім KASE-нің «Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері» ішкі
құжатының 3-бабына сәйкес маркет-мейкердің көрсетілген мәртебеден өз
еркімен бас тартуына байланысты қабылданды.
[2025-02-12]