14 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы
министрлігінің халықаралық облигацияларының төрт шығарылымы
бойынша сауда саттық тоқтатыла тұрадды
12.02.25 12:07
/KASE, 12.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2025
жылдың 14 ақпанынан бастап есептесу күні 2025 жылдың 14 мамырына
және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен
сауда-саттық тәртіптемелерінде жасалатын репо операциялары бойынша
АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылды:
1) US91282CAV37 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_06_3011);
2) US912810RJ97 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_07_4411);
3) US912810SY55 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы US_08_4105);
4) US91282CKQ32 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы US143_3405).
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2025 жылдың 14 мамырында көрсетілген облигациялар бойынша купондық
сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты уақытша тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2025 жылдың 16 мамырынан
бастап қайта басталады.
[2025-02-12]