/KASE, 10.02.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) KASE-ге былай
деп хабарлады:
дәйексөздің басы
10 ақпан 2025 жыл
"Батуми теңіз порты" ЖШҚ (100% үлесті басқаруға айрықша құқықтар
"ҚазТрансОйл" АҚ еншілес компаниясы – "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ-ға
тиесілі) 3 мың тонна қазақстандық аммофосты ауыстырып тиеуді жүзеге
асырды.
Бұл минералды тыңайтқышты Транскаспий халықаралық көлік бағыты
бойынша Батуми теңіз портынан алғаш рет экспортталды. Қазақстандық
аммофосты Батумиге жеткізу үшін мультимодальды тасымалдау жүзеге
асырылды. Жүк жөнелтуші – "Қазфосфат" ЖШС.
2025 жылы "Батуми теңіз порты" ЖШҚ 50 мың тонна қазақстандық
аммофосты ауыстырып тиеуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_100225_kaz.pdf
Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_100225_1.pdf
Ағылшын тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_100225_eng.pdf
[2025-02-10]