/KASE, 04.02.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың
06 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(МЕУКАМ) KZKD00001095 (MUM096_0011) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 90,1270 % (кірістілік –
жылдық 14,00 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 3 225 589 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 06 ақпанда болатын және
өтелгенге дейінгі мерзімі 3,7 жыл МЕУКАМ KZKD00001095 (MUM096_0011)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1536769/
[2025-02-04]