KASE Листингілік комиссиясы "МиГ Кредит Астана" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011554 (MFMGpp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

03.02.25 15:38
/KASE, 03.02.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 03 ақпанында "МиГ Кредит Астана" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00011554 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 5 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға MFMGpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-02-03]