/KASE, 03.02.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 30 қаңтарында "Jusan
Mobile" АҚ (Алматы) KZ2C00012961 (KZTCb3; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге;
3 жыл; жартыжылдық купон, орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады 30/360)
облигацияларының негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады,.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 03 ақпанынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/KZTCb3
[2025-02-03]