"Jusan Mobile" АҚ KZ2C00012961 (KZTCb3) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

30.01.25 16:51
/KASE, 30.01.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 30 қаңтарында "Jusan Mobile" АҚ (Алматы) KZ2C00012961 (1 000 теңге, 5,0 млрд.теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша бірінші аяқталған аукционның нәтижелері бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Бұл облигациялардың шығарылымы 2024 жылдың 20 желтоқсанында жалпы сомасы 15,0 млрд теңгеге тіркелген "Jusan Mobile" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы бірінші болып табылады. "Jusan Mobile" АҚ қаржылық кеңесшісі "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға KZTCb3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "Jusan Mobile" АҚ қызметінің негізгі бағыты телекоммуникация қызметтерін көрсету болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-01-30]