"МФО "ЮНИКРЕДО" ЖШС KZ2P00013014 (MFUCb7) облигациялары
балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
30.01.25 16:48
/KASE, 30.01.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылғы 30 қаңтарда "МФО "ЮНИКРЕДО" ЖШС (Алматы)
KZ2P00013014 ($100, $4,0 млн; 2 жыл; тоқсан сайынғы купон, жылдық
13,00%; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңының
"облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Бұл облигациялардың шығарылымы 2023 жылдың 28 шілдесінде 10,0 млн
АҚШ доллары сомасында тіркелген "МФО "ЮНИКРЕДО" ЖШС екінші
облигациялық бағдарламасы аясындағы екінші шығарылым болып табылады.
Аталған облигацияларға MFUCb7 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2025-01-30]