/KASE, 29.01.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) KASE-ге былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
28 қаңтар 2025 жыл
ForteBank 5 жыл мерзімге 400 миллион АҚШ доллары көлеміндегі
еурооблигацияларды сәтті орналастырды. Бұл инвесторлар тарапынан
болжанған сұраныстың деңгейінен едәуір асып түсті. Халықаралық
рейтингтік агенттіктер шығарылымға келесі рейтингтерді берді: Fitch
(BB) / Moody's (Ba3). Шығарылым купоны 7,75% құрайды.
Бұл орналастыру соңғы 12 жылдағы қазақстандық жеке банктердің
еурооблигацияларының алғашқы шығарылымы, ал ForteBank-тің заманауи
тарихындағы тұңғыш шығарылым. Еурооблигацияларды орналастыру
банктің халықаралық қаржы нарықтарындағы орнын нығайтуға және
қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған стратегиясы аясындағы
маңызды қадам. Тартылған қаражат Қазақстан экономикасының нақты
секторын несиелеу және банктің басқа да стратегиялық бастамаларын
қолдау үшін жұмсалады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық
нұсқасы орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_280125_1.pdf
[2025-01-29]