KASE 2025 ЖЫЛДЫІ АҚПАН АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

29.01.25 11:32
/KASE, 29.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2025 жылдың ақпан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының инвестициялық қорларының акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылдың 23 қаңтарындағы шешімімен бекітілді және олардағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2025 жылдың 01-28 ақпаны аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізіміне 66 атаудағы бағалы қағаздар кірді. 2025 жылдың қаңтарында құрылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 1) Johnson & Johnson US4781601046 ("KASE Global"секторы, JNJ_KZ) жай акциялары; 2) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 ("KASE Global"секторы, LQD_KZ) ETF бағалы қағаздары; 3) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИПҚ KZPF00000090 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFINgw) пайлары; 4) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИИПҚ KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) пайлары. 2025 жылдың қаңтарында құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен мыналар шықты: 1) Micron Technology, Inc. US5951121038 ("KASE Global"секторы, MU_KZ) жай акциялары; 2) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, IFDR) жай акциялары; 3) Starbucks Corporation US8552441094 ("KASE Global"секторы, SBUX_KZ) жай акциялары; 4) Verizon Communications Inc. US92343V1044 ("KASE Global"секторы, VZ_KZ) жай акциялары; 5) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары; 6) Global X Robotics & Artificial Intelligence US37954Y7159 (сектор "KASE Global", BOTZ_KZ) ETF бағалы қағаздары; 7) "First Heartland Jusan Invest" басқаруындағы "doSTAR" ИИПҚ KZPF00000173 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIds) пайлары; 8) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE Global"секторы, XOM_KZ) жай акциялары; 9) The Boeing Company US0970231058 ("KASE Global"секторы, BA_KZ) жай акциялары; 10) ALPHABET INC. US02079K1079 ("KASE Global"секторы, GOOG_KZ) жай акциялары; 11) SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 ("KASE Global"секторы, CRM_KZ) жай акциялары. 2025 жылдың ақпанына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_feb.pdf 2025 жылдың қаңтарына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_jan.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2025-01-29]