/KASE, 27.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
27 қаңтарынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ
(Астана) KZ2C00010023 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты,
PRKRb9; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 3 жыл; қалқымалы жарты жылдық
купон – TONIA Compounded + тіркелген маржа, маржа мөлшері
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360)
облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгергенін хабарлайды:
- айналым мерзімі үш жылдан 18 айға өзгерді;
- купондық сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы сыйақыдан тиянақталған
сыйақыға өзгертілді
- купондық сыйақыны төлеу кезеңділігі жылына екі реттен жылына төрт
есеге өзгерді.
Көрсетілген облигациялар шығарылымының проспектісі өзгертулермен
орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/PRKR/prkrf9_PRKRb9_izm_220125.pdf
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2025 жылдың 27 қаңтарындағы
"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
"Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ
KZ2C00008464 (PRKRb9) облигацияларының шығарылым аңдатпасын
өзгерістермен тіркеді" жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1536120/
[2025-01-27]