/KASE, 27.01.25/ – "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық
компаниясы" АҚ (KASE тикері – PRKR) KZ2C00010023 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, PRKRb9; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге;
3 жыл; құбылмалы жарты жылдық купон – TONIA Compounded + тіркелген
маржа, маржа мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын
болады; 30/360) облигацияларының бұрын берілгеннің орнына берілген
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі
агенттігі 2025 жылдың 22 қаңтарында тіркеген облигациялар
шығарылымының аңдатпасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін
өзгерістермен ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес:
- облигациялардың айналым мерзімі мен облигациялар бойынша сыйақы
төлеу кезеңділігінің өзгеруіне байланысты куәлік ауыстырылды;
- айналым мерзімі үш жылдан 18 айға өзгерді;
- купондық сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы сыйақыдан тиянақталған
сыйақыға өзгертілді
- купондық сыйақыны төлеу кезеңділігі жылына екі реттен жылына төрт
ретке өзгерді.
Аталған облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен
жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/PRKR/prkrf9_PRKRb9_izm_220125.pdf
[2025-01-27]