"Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003010 (CSBNb15) облигациялары айналым
мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
27.01.25 09:50
/KASE, 27.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
27 қаңтарынан бастап "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00003010
облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық" санаты, CSBNb15;
100 теңге, 50,0 млрд теңге; 27.01.15 – 27.01.25; жартыжылдық купон,
жылдық 9,90 %; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен алып тасталды.
Аталған облигациялар 2015 жылдың 27 қыңтарынан бастап негізгі алаңның
"өзге бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.
Олармен сауда-саттық 2015 жылдың 27 наурызынан бастап ашылды.
[2025-01-27]