2025 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНЫНДАҒЫ KASE САУДА-САТТЫҚ РЕГЛАМЕНТІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

23.01.25 15:57
/KASE, 23.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-дегі сауда-саттық регламентіне 2025 жылдың ақпанында мынадай өзгерістер енгізілетінін хабарлайды. 03 және 04 ақпанда Қытай Халық Республикасында мереке күндеріне байланысты келесі құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді: - CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD; - CNYKZT_TOM, USDCNY_TOM, EURCNY_TOM; - CNYKZT_SPT, USDCNY_SPT, EURCNY_SPT; - CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002. 17 ақпанда АҚШ-тағы мереке күніне байланысты келесі құралдармен сауда- саттық жүргізілмейді: - USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDCNY_TOD; - USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURUSD_0_001, EURUSD_0_002, USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, USDKZT_0_03M, USDKZT_0_06M және USDKZT_0_01Y; - шетелдік эмитенттер шығарған және есеп айырысуы АҚШ долларымен саудаланатын акциялар мен ETF бағалы қағаздары. Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf [2025-01-23]