22 қаңтарда KASE "Қазақтелеком" АҚ KZ0009094645 (KZTK) артықшылықты акцияларының бағасының 33,09 % төмендеуіне байланысты сауда-саттығын тоқтатты
22.01.25 19:06
/KASE, 22.01.25/ – Бүгін Астана қ. уақытымен сағат 11:44-те Қазақстан
қор биржасы (KASE) "Қазақтелеком" АҚ-ның артықшылықты KZ0009094645
(KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) акциялары бойынша
олардың бағасының 33,09 %-ға төмендеуіне байланысты сауда-саттықты
тоқтатты.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" (Ережелер)
атты KASE ішкі құжатының 25 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес
тоқтатылды, оған сәйкес KASE "Премиум" санатындағы KASE ресми
тізіміндегі акциялардың бағасы жабылу сәтінде мұндай құлдыраудың
алдындағы сауда-саттықтың күні қалыптасқан бағаға қатысты 30 және одан
да көп пайызға төмендеген кезде сауда-саттықты тоқтата тұрады. Бұл ретте,
сауда-саттықты тоқтата тұру KASE сауда-саттық жүйесінде сауда-саттықтың
негізгі тәртіптемелерінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Аталған акциялармен сауда-саттықты қайта бастау туралы шешім
Ережелердің 25 бабы 7 тармағының негізінде қабылданатын болады.
2025 жылдың 21 қаңтарында жасалған KZTKp-мен жасалған соңғы
орындалған мәміленің бағасы бір акция үшін 41 100,00 теңгені құрады.
KZTKP сауда-саттығы 2025 жылдың 22 қаңтарында бір акция үшін 27 500,00
теңге бағамен мәміле жасалғаннан кейін тоқтатылды.
[2025-01-22]