"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00013063 (MFRFB16)
облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша
KASE-де листинг процедурасынан өтті
22.01.25 15:58
/KASE, 22.01.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылғы 22 қаңтарда "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС
(Астана) KZ2P00013063 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялары
KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 15 наурызында 30,0 млрд
теңге сомасына тіркелген "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС бірінші
облигациялық бағдарламасы шегінде бесінші болып табылады.
"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және
андеррайтері "First Heartland Jusan Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигацияларға MFRFb16 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2025-01-22]