22 қаңтардан бастап "Интергаз Орталық Азия" АҚ облигацияларының төрт шығарылымы "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

22.01.25 12:42
/KASE, 22.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 17 қаңтарында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: 1) KZ2C00013076 (INCApp13; 1 000 теңге, 2 409 826 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360); 2) KZ2C00013084 (INCApp14; 1 000 теңге, 5 820 000 000 теңге, 9 жыл 4 ай; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру күніне анықталатын болады – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + тиянақталған маржа 1 %;30/360); 3) KZ2C00013092 (INCApp15; 1 000 теңге, 3 360 437 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360); 4) KZ2C00013100 (INCApp16; 1 000 теңге, 7 980 000 000 теңге, 9 жыл 4 ай; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру күніне анықталатын болады – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + тиянақталған маржа 1 %; 30/360). Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 22 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/INCA/ [2025-01-22]