ХАБАРЛАНДЫРУ: 23 ҚАҢТАРДА KASE JETFINANCE КОМПАНИЯСЫНЫҢ (ЖШС "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ") "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

21.01.25 17:40
/KASE, 21.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 23 қаңтарында "Эмитент күні" жобасы аясында JetFinance (ЖШС "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ") басшылығымен онлайн кездесу өтетінін хабарлайды. Шара Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады. Кездесу барысында компанияның 2024 жылға арналған жұмысының қорытындылары мен 2025-2028 жылдарға арналған жоспарлары таныстырылады. Шара спикерлері: - Азамат Сейітбеков – JetFinance компаниялар тобының негізін қалаушы және иесі; - Андрей Варначкин – JetFinance компаниялар тобының тең бас директоры; - Никита Вильгельм – JetFinance компаниялар тобының қаржылық директоры; - Алексей Ноздрин – Borze.kz жобасының атқарушы директоры. Қатысуды растау үшін +7 (771) 458 5185 телефонына немесе arslan.kazez@jetfin.kz электрондық поштасына (Арслан Казез, Серіктестік бөлімінің басшысы) хабарласыңыз. [2025-01-21]