"ҚазТрансОйл" АҚ мұнай тасымалдау көлемі 2024 жылы 44 млн 887 мың тоннаны құрады

20.01.25 14:44
/KASE, 20.01.25/ – "КазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 20 января 2025 года "ҚазТрансОйл" АҚ 2024 жылғы өндірістік қорытындыларын шығарды. Есепті кезеңде мұнай тасымалдау және жүк айналымы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 44 млн 887 мың тонна мұнайды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 699 мың тоннаға артық. Қазақстан Республикасының отандық мұнай өңдеу зауыттарына – "Атырау МӨЗ" ЖШС, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС, "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШСне 2024 жылы мұнай жеткізу көлемі 16 млн 712 мың тоннаны (сәйкесінше - 5 млн 519 мың тонна, 5 млн 734 мың тонна, 5 млн 459 мың тонна) құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 139 мың тоннаға артық. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_200125_kaz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_200125_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_200125_eng.pdf [2025-01-20]