20 қаңтардан бастап KASE-де биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстермен сауда саттық ашылады

20.01.25 10:17
/KASE, 20.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстермен сауда-саттық ашылады. Аталған фьючерстердің спецификациясына сәйкес: - фьючерстік келісімшарттың басталу күні – тоқсанның басына келетін айдың бесінші күні: қаңтар, сәуір, шілде және қазан; - өтініш фьючерстік келісімшарттың соңғы күні – тоқсанның соңындағы айдың үшінші бейсенбісі: наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан; - сауда саттық фьючерстік келісімшартпен айналымның төрт мерзіміне ашылады; - фьючерстік келісімшартты орындау күні оның мерзімінің соңғы күні болып табылады. Бұдан басқа, маманданымда биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстермен сауда-саттық жүргізудің жеке параметрлері белгіленген. 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап KASE-де биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына мынадай фьючерстік келісімшарттармен сауда-саттық қолжетімді болады: ------------------------------------------------------- № Сауда- Сауда-саттықтың р/с Коды саттықтың аяқатлуы басталуы (орындалу күні) ------ ---------------- ------------ ------------------ SPDR S&P 500 ETF TRUST-қа фьючерс ------ ---------------- ------------ ------------------ 1 US_SPY_-3.25 20.01.25 20.03.25 2 US_SPY_-6.25 20.01.25 19.06.25 3 US_SPY_-9.25 20.01.25 18.09.25 4 US_SPY_-12.25 20.01.25 18.12.25 ------------------------------------------------------- SPDR Gold Shares ETF-ке фьючерс ------------------------------------------------------- 5 US_GLD_-3.25 20.01.25 20.03.25 6 US_GLD_-6.25 20.01.25 19.06.25 7 US_GLD_-9.25 20.01.25 18.09.25 8 US_GLD_-12.25 20.01.25 18.12.25 ------------------------------------------------------- Nasdaq-100 Index ETF-ке фьючерс ------------------------------------------------------- 9 QQQ_KZ-3.25 20.01.25 20.03.25 10 QQQ_KZ-6.25 20.01.25 19.06.25 11 QQQ_KZ-9.25 20.01.25 18.09.25 12 QQQ_KZ-12.25 20.01.25 18.12.25 ------------------------------------------------------- SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF-ке фьючерс ------------------------------------------------------- 13 US_BIL_-3.25 20.01.25 20.03.25 14 US_BIL_-6.25 20.01.25 19.06.25 15 US_BIL_-9.25 20.01.25 18.09.25 16 US_BIL_-12.25 20.01.25 18.12.25 ------------------------------------------------------- Көрсетілген күннен бастап "Биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстік келісімшарттардың маманданымы" атты KASE жаңа ішкі құжаты қолданысқа енгізіледі. KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда- саттық бойынша клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00- ге дейін өткізілетінін еске салады. Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, олардың тізімі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/ru/clearing/members/ KASE фьючерстерінің сауда-саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша жарияланады http://kase.kz/ru/futures/ KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/ru/kase_rules / ("Сауда- саттық" бетбелгісі). [2025-01-20]