"Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00010502 (KFUSb61)
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылды
20.01.25 10:00
/KASE, 20.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
20 қаңтарынан бастап "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (Алматы)
KZ2C00010502 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты,
KFUSb61; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 19.01.24 – 19.01.25; жылдық купон,
жылдық 12,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 08 желтоқсанынан бастап негізгі
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап
ашылды.
[2025-01-20]