KASE Директорлар кеңесі клирингілік қатысу сертификаттарымен репо
операциялары бойынша биржалық комиссиялық алымды төлеу
бойынша 2025 жылға арналған жеңілдіктерді бекітті
24.12.24 17:23
/KASE, 24.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі
2024 жылдың 20 желтоқсанында маркет-мейкер болып табылмайтын сауда-
саттыққа қатысушылардың, нысанасы клирингілік қатысу сертификаттары
болып табылатын репо операциялары бойынша биржалық комиссиялық
алымды ішкі алымдарға сәйкес KASE құжаттарына сәйкес тиісті есепті
кезеңге есептелген комиссиялық алымның жалпы сомасынан 25 %-ға
азайтылған комиссиялық алым түрінде төлеуі бойынша жеңілдікті
шарттарды бекітті.
KASE Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес жеңілдіктер 2025 жылдың
01 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін күшінде болады.
Шешім сауда-саттыққа қатысушылар үшін неғұрлым тартымды жағдайлар
жасау және ынталандыру мақсатында қабылданды.
[2024-12-24]