20 қаңтардан бастап KASE-де ETF US74347G4405 (BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

17.01.25 14:34
/KASE, 17.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап KASE-де репо операциялары бойынша ETF US74347G4405 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF бағалы қағаздары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы қағаздар бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және олар бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 03 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді. Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидасының" 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 03 ақпанында аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 05 ақпанынан басталады. [2025-01-17]