Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058HT33 (IBRDe4)
халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды
15.01.25 09:53
/KASE, 15.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
15 қаңтарынан бастап Халықаралық қайта құру және даму банкінің
US459058ht33 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, IBRDe4; $3,5 млрд; 15.01.20 – 15.01.25; жартыжылдық купон,
жылдық 1,625%; 30/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары " секторына 2024 жылдың 19 наурызынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 02 сәуірінен бастап ашылған.
[2025-01-15]