/KASE, 05.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 қаңтарынан
бастап "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) KZ2C00012813 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb41; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге,
26.12.24 – 26.11.33; бірінші купон – айналым басталған күннен бастап
1 жылдан кейін, бұдан әрі – жартыжылдық купон, жылдық 6,00%; 30/360)
облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/BRKZb41/
[2025-01-05]