KASE БИРЖАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНА ФЬЮЧЕРСТІК САУДА САТТЫҚТЫҢ АШЫЛУЫН 20 ҚАҢТАРҒА АУЫСТЫРАДЫ

31.12.24 16:24
/KASE, 31.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстермен сауда-саттықтың ашылуы 2025 жылдың 05 қаңтарынан 20 қаңтарына ауыстырылатынын хабарлайды. Көрсетілген фьючерстер бойынша сауда-саттықты өткізу шарттары мен параметрлері қосымша хабарланатын болады. [2024-12-31]