/KASE, 31.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2025 жылдың 05 қаңтарынан бастап KASE-де биржалық
инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстермен сауда-
саттық ашылады.
Аталған фьючерстердің маманданымына сәйкес:
- фьючерстік келісімшарттың айналымы басталған күн тоқсанның басына
келетін айдың бесінші күні болып табылады: қаңтар, сәуір, шілде және
қазан;
- фьючерстік келісімшарттың соңғы күні – тоқсанның соңындағы айдың:
наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларының үшінші бейсенбісі;
- фьючерстік келісімшартпен сауда-саттық айналымның төрт мерзіміне
ашылады;
- фьючерстік келісімшарттың орындалу күні оның айналымының соңғы
күні болып табылады.
Маманданымда сондай-ақ тиісті биржалық инвестициялық қордың ағымдағы
есептесу бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның ішінде мұндай
бағаны анықтау тоқтатыла тұрған/тоқтатылған жағдайда, KASE Басқармасы
мынадай шешімдердің бірін немесе бірнешеуін қабылдауға құқылы:
фьючерстік келісімшарт айналымының соңғы күнінің күнін өзгерту туралы;
фьючерстік келісімшартты орындау күнінің күнін өзгерту туралы; фьючерстік
келісімшарттың ағымдағы күнін (соңғы) есептесу баға және/немесе
вариациялық маржаны есептеу және аудару тәртібін анықтау.
2025 жылдың 05 қаңтарынан бастап KASE-де биржалық инвестициялық
қорлардың бағалы қағаздарына мынадай фьючерстік келісімшарттармен
сауда-саттық қолжетімді болады:
-------------------------------------------------------
№ Сауда- Сауда-саттықтың
р/с Код саттықтың аяқталуы
басталуы (орындау күні)
------ ---------------- ------------ ------------------
SPDR S&P 500 ETF TRUST-қа фьючерс
------ ---------------- ------------ ------------------
1 US_SPY_-3.25 05.01.25 20.03.25
2 US_SPY_-6.25 05.01.25 19.06.25
3 US_SPY_-9.25 05.01.25 18.09.25
4 US_SPY_-12.25 05.01.25 18.12.25
-------------------------------------------------------
SPDR Gold Shares ETF-ке фьючерс
-------------------------------------------------------
5 US_GLD_-3.25 05.01.25 20.03.25
6 US_GLD_-6.25 05.01.25 19.06.25
7 US_GLD_-9.25 05.01.25 18.09.25
8 US_GLD_-12.25 05.01.25 18.12.25
-------------------------------------------------------
Nasdaq-100 Index ETF-ке фьючерс
-------------------------------------------------------
9 QQQ_KZ-3.25 05.01.25 20.03.25
10 QQQ_KZ-6.25 05.01.25 19.06.25
11 QQQ_KZ-9.25 05.01.25 18.09.25
12 QQQ_KZ-12.25 05.01.25 18.12.25
-------------------------------------------------------
SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF-ке фьючерс
-------------------------------------------------------
13 US_BIL_-3.25 05.01.25 20.03.25
14 US_BIL_-6.25 05.01.25 19.06.25
15 US_BIL_-9.25 05.01.25 18.09.25
16 US_BIL_-10.25 05.01.25 18.12.25
-------------------------------------------------------
KASE Басқармасының 2024 жылдың 25 желтоқсанындағы шешімімен 2025
жылдың 05 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін "Биржалық
инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстік
келісімшарттардың маманданымы" атты KASE жаңа ішкі құжаты бекітілді.
KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де
жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы
сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Астана қ. уақытымен 20:30-дан
21:00-ге дейін өткізілетінін еске салады.
Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE деривативтер
нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, олардың тізімі KASE
интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/clearing/members/
KASE фьючерстерінің сауда саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша
жарияланады
http://kase.kz/ru/futures/
KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар
мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-
саттықтар" қалташасы).
[2024-12-31]