"ТехноЛизинг" ЖШС жалғыз қатысушысы 221 660 KZ2P00007362 (THLZb4) облигацияларын кері сатып алу туралы шешім қабылдады

31.12.24 10:05
/KASE, 31.12.24/ – "ТехноЛизинг" ЖШС (KASE тикері – THLZ) жалғыз қатысушысы 2024 жылдың 26 желтоқсанында 221 660 KZ2P00007362 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, THLZb4) облигацияларын кері сатып алу туралы шешім қабылдады. Серіктестік Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 11, ВП-1 info@tnl.kz мекен-жайы бойынша көрсетілген облигацияларды кері сатып алу туралы жазбаша өтініштерді қабылдауды, жалғыз қатысушының шешімі жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/THLZ/thlz_information_261224.pdf [2024-12-31]